Поиск
Отменить
Модельдер
Назад
Item
ES
NX
RX
СУ ЖАҢА LEXUS GX
LX
LM
Брошюралар мен прайс-қағаздар
LEXUS КӨЛІГІН САТЫП АЛУ ЖӘНЕ ИЕЛЕНУ: БАСТЫ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Брошюралар мен прайс-қағаздар
Lexus модельдері туралы мәліметтер
Жол жүрген көліктер
Назад
Item
Trade-In
LEXUS SELECT
ОНЛАЙН БАҒАЛАУ
Жол жүрген көліктер
Қаржы және сақтандыру
Назад
Item
Қаржыландыру бағдарламалары
Lexus Сақтандыру
СТАНДАРТ
Жол жүрген
ЖАҢА АВТОКӨЛІККЕ АРНАЛҒАН КАСКО
ЖОЛ ЖҮРГЕН КӨЛІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КАСКО
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ (КҚАҚМС)
LEXUS SAFE
LEXUS LIFE INSURANCE
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Несиелеу және сақтандыру
Сервис
Назад
Item
LEXUS RELAX
КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ
АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ЖАЗЫЛУ
Сервис
ӨНДІРУШІ КЕПІЛДІГІ
Lexus әлемі
Назад
Item
LEXUS NX АРНАЙЫ ЖОБАСЫ: «ӘСЕР ШЕБЕРЛЕРІ»
ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ LEXUS ЖАҢАЛЫҚТАРЫН БАҚЫЛАҢЫЗ
ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ
АСА СӘНДІ LEXUS СТИЛІНІҢ ДАМУЫ
МОЙЫНДАЛҒАН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ДӘСТҮРІ
LEXUS-ТІҢ ӨЗГЕ ҮЛГІЛЕРІ ЖАЙЛЫ КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ
Lexus әлемі
ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ
kk
тіл
Қазақша
русский
Жүйеге кіру
Кіру
Кіру
Сіздің автокөліктеріңіз
Шолу
Менің автокөлігім
Пайдалану бойынша нұсқаул
КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ
Lexus автокөліктеріне берілетін кепілдік
LEXUS АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІК
КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ
Ресми Дилерден сатып алынған жаңа Lexus автокөлігіне КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ қайсысының бұрын орын алуына қарай 3 жылды (36 айды) немесе 100 000 км жүрілген жолды құрайды.
Көлік иесі Lexus автокөлігінің кемшіліктерімен байланысты КЕПІЛДІК бойынша талаптар қоюға құқылы. Сатушы (өндіруші) бұл кемшіліктер үшін тек КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ ішінде ғана жауап береді. КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ Lexus автокөлігінің анықталған кемшіліктерін түзетуге қажетті автокөліктің пайдаланыла алмаған мерзіміне қарамастан өзгеріссіз күйінде қалады.
КЕПІЛДІКТІ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ
Өндірушінің КЕПІЛДІКТЕ қарастырылған кепілдік міндеттемелері Lexus автокөлігін тек Lexus ресми Дилерінен сатып алған жағдайда ғана ұсынылады. КЕПІЛДІКТІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРТТАРЫ
КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ ішінде техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек Lexus ресми Дилерінде ғана жасатуға кеңес беріледі.
Жоспарлы техникалық қызмет көрсету, Қосымша техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Lexus ресми Дилерінен өзге тұлғаларға жүгіну КЕПІЛДІК бойынша Сіздің талаптарыңызды қанағаттандыру мүмкіндігінің жойылуына алып келуі мүмкін.
КЕПІЛДІКТІҢ ТАРАЛУ АУҚЫМЫ АВТОКӨЛІККЕ КЕПІЛДІК
КЕПІЛДІК КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ ішінде Lexus ресми Дилерінен сатып алынған Lexus автокөлігіне ұсынылады.
ШАНАҚҚА ЖӘНЕ ЛАК-БОЯУ ЖАБЫНЫНА КЕПІЛДІК Көлік иесі КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген шанаққа және лак-бояу жабынына күтім жасау ережелері мен талаптарын орындаған жағдайда өндіруші КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ ішінде Lexus автокөлігі шанағының тесілген коррозиясының және лак-бояу жабынының өндірістік кемшіліктерінің болмауына кепілдік береді.
Көлік иесі тек КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ ішінде ғана КЕПІЛДІК бойынша шанақтың және лак-бояу жабынының кемшіліктерімен байланысты талаптар қоюға құқылы.
LEXUS ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫНА КЕПІЛДІК
LEXUS ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫ өндіруші тарапынан орнатылған болса, оларға КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНЕ КЕПІЛДІК ұсынылады. LEXUS ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫ Lexus автокөлігін сатып алғаннан кейін орнатылған болса, мұндай LEXUS ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫНА КЕПІЛДІК LEXUS ТҮПНҰҚСА АКСЕССУАРЛАРЫН сатып алған сәттен бастап және қайсысының ұзаққа созылатынына қарай Lexus автокөлігінің жүрген жолына қарамастан 12 ай өткенге дейін немесе осы аксессуарлар орнатылған жаңа Lexus автокөлігіне қатысты КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ әрекеті аяқталғанға дейін ұсынылады.
Көлік иесі тек LEXUS ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫНЫҢ КЕПІЛДІК МЕРЗІМІНІҢ ішінде ғана КЕПІЛДІК бойынша LEXUS ТҮПНҰСҚА АКСЕССУАРЛАРЫНЫҢ кемшіліктерімен байланысты талаптар қоюға құқылы.
ГИБРИДТІ ҚОНДЫРҒЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІНЕ КЕПІЛДІК
Гибридті қондырғы компоненттеріне КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ қайсысының бұрын орын алуына қарай 5 жылды немесе 100 000 км жүрілген жолды құрайды.
Гибридті қондырғының компоненттері:
- жоғары вольтті батарея
- батареяның басқарушы модулі
- гибридті қондырғының басқарушы модулі
- конвертері бар инвертер
ЖӨНДЕУ ОРНЫНА ЖЕТКІЗУ
Lexus автокөлігінде орын алған ақаулық өндірушінің КЕПІЛДІК бойынша жауапкершілігінің аясына кіретін болса және туындаған ақаулық Lexus автокөлігіне өз жүрісімен қозғалуға мүмкіндік бермейтін болса, КЕПІЛДІК ақаулы Lexus автокөлігінің ең жақын Lexus ресми Дилеріне жеткізу бойынша шығыстарды өтейді.
КЕПІЛДІК ТАРАЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Өндіруші Көлік иесінің Lexus автокөлігін қолдану (пайдалану), сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзуынан, үшінші тұлғалардың немесе жойқын күш әрекеттерінен туындаған Lexus автокөлігінің, шанақтың, лак-бояу жабынының, LEXUS ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ немесе АКСЕССУАРЛАРЫНЫҢ кемшіліктері үшін жауап бермейді. Өндіруші соның ішінде төмендегілердің салдарынан туындаған Lexus автокөлігінің, шанақтың, лак-бояу жабынының, LEXUS ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ немесе АКСЕССУАРЛАРЫНЫҢ кемшіліктері үшін жауап бермейді:
- ДИСТРИБЬЮТОР тарапынан өкілеттік берілмеген жөндеуші ұйымның немесе Көлік иесінің немесе Lexus автокөлігін пайдаланушы тұлғаның КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСАУЛЫҚТЫҢ талаптарын бұзуы;
- LEXUS ТҮПНҰСҚА ЕМЕС ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІН немесе АКСЕССУАРЛАРЫН қолдану;
- ДИСТРИБЬЮТОР тарапынан өкілеттік берілмеген жөндеуші ұйымның тиісті біліктілігінің болмауы немесе ұқыпсыздығы немесе мұқиятсыздығы;
- Lexus автокөлігін пайдалануға қатысты КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ талаптарын бұзу;
- Lexus автокөлігін спорттық мақсаттарда, жарыстарға немесе шектен тыс жүктемемен қолдану;
- Көлік иесінің немесе үшінші тұлғалардың Lexus автокөлігіне қатысты қасақана немесе абайсыз іс-әрекеттері (мысалы электр қосылыстарын зақымдау немесе ажырату және т.с.с.);
- Lexus автокөлігімен су кешудің және өзге де сулы кедергілерден өтудің салдарынан автокөлік тораптары мен агрегаттарының ішіне судың кіруі;
- Lexus автокөлігін модификациялау немесе оның құрылысын өзгерту;
- дұрыс жүргізілмеген жөндеу немесе дұрыс жүргізілмеген реттеу, егер мұндай жөндеу жұмыстарын Lexus ресми Дилері болып табылмайтын тұлға жүргізген болса;
- КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген Өндіруші белгілеген техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жиілігін бұзу. СОНЫМЕН БІРГЕ КЕПІЛДІК КЕЛЕСІЛЕРГЕ ТАРАЛМАЙДЫ:
Көлік иесінің қалауымен ғана жүргізілген және Lexus автокөлігінің, шанақтың, лак-бояу жабынының, LEXUS ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ немесе АКСЕССУАРЛАРЫНЫҢ кемшіліктерінен туындамаған LEXUS ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІН немесе АКСЕССУАРЛАРЫН ауыстыру;
- жарықшақтарды және сызаттарды, тұздың, ағаштардың шырынының және бүршіктерінің, құс саңғырығының, бұршақтың, қышқылды жаңбырлардың, сұрапыл апаттардың әсерін қоса алғанда қандай да бір сыртқы факторлардың әсерінің нәтижесінде туындаған шанақтың зақымдалуы немесе коррозиясы;
- жол-көлік оқиғаларының, кедергілерді басып кетудің нәтижесіндегі зақымдалулар, жол жабынының ақауларынан туындаған зақымдалулар;
- Көлік иесінің Lexus автокөлігінің ақаулы кезінде шеккен шығындары, телефон қоңырауларын, өзге автокөлікті жалдауды, қонақүйде тұруды, уақытты жоғалтуды және жіберіп алынған пайданы және т.с.с. қоса алғанда;
- КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН Lexus автокөлігіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету және/немесе Қосымша техникалық қызмет көрсету жүргізу үшін қажетті жұмыстардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың құны;
- қозғалтқышты, дөңгелектердің орнатылу бұрышын реттеу, тораптарды, бөлшектерді және агрегаттарды майлау және тазалау;
- сүзгілерді және сүзгі элементтерін, шамдарды, салқындату және өзге де техникалық және пайдалану сұйықтықтарын, тұтандыру және қыздыру білтелерін, балқығыш сақтандырғыштарды, бүріккіштерді ауыстыру;
- әйнек тазалағыштардың щёткаларын, шиналарды, тежегіш қыспақтары мен дисктерін/барабандарын, жетек белбеулерін, ілінісу дисктерін, амортизаторларды ауыстыру;
- жылтырату, тазалау және антикоррозиялық өңдеу;
- КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТА берілген Lexus автокөлігін пайдалану ережелерін бұзудың нәтижесінде қажеттілік туындаған Lexus автокөлігінің тораптарын, бөлшектерін және агрегаттарын жөндеу, реттеу және ауыстыру жұмыстары;
- Lexus автокөлігіне Жоспарлы техникалық қызмет көрсетудің және/немесе Қосымша техникалық қызмет көрсетудің болмауынан, кемшілігінен немесе дұрыс жүргізілмеуінен, сондай-ақ сапасыз немесе КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген талаптарға сай келмейтін жанармайды, жағармайларды, салқындату және өзге де пайдалану сұйықтықтарын қолданудан туындаған жөндеу жұмыстары.
ШИНАЛАР
КЕПІЛДІК шиналарға таралмайды. Шиналарға КЕПІЛДІК шиналардың Өндірушісі тарапынан ұсынылады.
ТАБИҒИ ШУЫЛДАР, ВИБРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТОЗУ
Табиғи (қалыпты) шуылдар, вибрациялар, табиғи тозу, ескіру, лак-бояу жабынының түссізденуі және оңуы, сондай-ақ ластанулар, сырылулар және деформациялар КЕПІЛДІК арқылы өтелмейді.
ОДОМЕТР КӨРСЕТКІШТЕРІН ӨЗГЕРТУ
Одометріне автокөліктің шынайы жүрген жолы дұрыс анықтала алмайтындай КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілмеген жасанды көрсеткіштер енгізілген немесе көрсеткіштері өзгертілген, соның ішінде одометрін ауыстыру арқылы өзгертілген Lexus автокөліктерінің ақаулықтарын жөндеу КЕПІЛДІК арқылы өтелмейді.
КӨЛІК ИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
- кепілдік жөндеу жүргізу қажет болатын барлық жағдайларда Lexus ресми Дилеріне барған кезде КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫ көрсету;
- Lexus автокөлігін КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚҚА, сондай-ақ КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚҚА сәйкес пайдалану, автокөлікке қызмет көрсету, оны сақтау, тасымалдау және ұстау;
- Lexus автокөлігін сатып алу және оған қызмет көрсету тарихына қатысты чектерді, шоттарды, орындалған жұмыстар актілерін, тапсырыс-өкімдемелерді, аксессуарларды орнатуға жүргізілген жазбаларды және өзге де қажетті құжаттарды сақтау;
- әрбір жолы жолға шығар алдында КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ «ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» бөлімінде мазмұндалған нұсқауларға сәйкес автокөлікке қарап тексеру жүргізу;
- жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін Lexus автокөлігі Lexus ресми Дилеріне одометрінің КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТАҒЫ ұсынылған көрсеткіштен көбірек жағына қарай 250 км-ден аспайтын айырмашылығы бар көрсеткішімен ұсынылуы тиіс.
ЕЛДЕН ШЫҒАРЫЛҒАН НЕМЕСЕ ҚАЙТА САТЫЛҒАН АВТОКӨЛІККЕ КЕПІЛДІК Егер көлік иесі Lexus автокөлігін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағынан тыс жерге шығаратын, сататын немесе қайта сататын болса, кез келген КЕПІЛДІКТІҢ күші жойылған болып есептеледі